Алматы қалалық білім басқармасы мүмкіндігі шектеулі балалардың ас ішу процесі түсірілген видео Алматы қаласы Алатау ауданындағы «No164 балабақша» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында түсірілгенін хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта білім басқармасы 2023 жылдың 16 наурызы мен 20 наурызы аралығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілері, медбикелерден тұратын мониторингтік топ құрды. Қоғамдық тамақтандыру бойынша толық ақпарат тексеруден кейін беріледі», — делінген хабарламада.