19 наурызда сайлау күні дауыс беретін азаматтардың белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі болмаса, онда олар өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Азаматтарға арналған үкімет-ке сілтеме жасап.
Ал 20 наурыз күні автоматты түрде тіркеуден шығарылады.
Қазақстан бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жұмыс істейді. Олар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады.
ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейді.
Егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ, 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады.
Еске салайық, бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады.
ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады