"17 сағат бойы мәжбүрлеген": Ер адам оқушы баласын "ерекше" әдіспен тәрбиелеген

Қытай тұрғыны ұлының түнде смартфонда ойын ойнауға деген құмарлығы үшін ерекше жаза ойлап тапқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

"17 сағат бойы мәжбүрлеген": Ер адам оқушы баласын "ерекше" әдіспен тәрбиелеген
Сурет: Правмир

Хуан әйелімен кеңесе келе, баласының мұғаліміне қоңырау шалып, оны бір күнге сабақтан босатуын өтінген. Осыдан кейін ата-ана ұлына күні бойы телефонда ойын ойнауға рұқсат беріп, бірақ "ұйықтамау керек" деген шарт қояды. Виртуалды ойынды ұнататын бала оған басында қатты қуанғанымен, көп ұзамай әкесі сынақ шарттарын бір минутқа да бұзбайтынын түсінеді. Себебі, Хуан ұлының қасынан бір елі кетпей, оның ойынды үзбей ойнағанын қадағалап отырған. Тіпті, ұлының бүкіл денесінің ауырсынып, шаршағанына шағымданғанына, ойыннан шаршап ұйықтап қалғанына қарамастан, Хуан ойынды тоқтатуға тыйым салған. Нәтижесінде Хуан баласын 17 сағат бойы ойын ойнауға мәжбүрлеген. Соңында мектеп оқушысы әкесінен аяушылық танытуын сұрап, бұдан былай түнде ешқашан ойын ойнамайтынын айтып, тіпті уәдесін растайтын қолхат жазып берген. Осыдан кейін Хуан ұлына жұмыс күндері жарты сағат, ал демалыс күндері бір сағат ойын ойнауға рұқсат беретінін айтқан. Дегенмен, ол өзге ата-аналарды өзінің тәжірибесін қайталамауға шақырып отыр.