30 мыңнан аса оқушы мектепке бару үшін үлкен қашықтарды еңсереді

Қазақстандағы 1384 ауылдық елді мекенде мектеп жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті хабарлады, деп хабарлайды paryz.kz, informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

30 мыңнан аса оқушы мектепке бару үшін үлкен қашықтарды еңсереді
Сурет: Ақтөбе газеті

Комитеттің мәліметінше, 2022-2023 оқу жылының басында Қазақстандағы 1 384 ауылдық елді мекенде мектеп жоқ екені анықталған. Аталған ауылдарда мектеп жасындағы 34 644 бала тұрады.

"Оларды жақын ауылдағы мектептерге тасымалдау ұйымдастырылған. Тәулігіне 31 741 бала (91,6%), апта сайын 2 903 (8,4%) бала тасымалданады. Ол үшін 1013 автобус пайдаланылады", – деп хабарлаған комитет өкілі.

Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл мектептерінің паркіндегі 515 автобусты жаңарту жобасын іске қосты. Бүгінгі таңда өңірлерге 200-ден астам автобус жеткізілген.