Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Ер адам әйелін не үшін ұрады?" - отбасылық коуч жауап берді

Отбасылық коуч Ақан Мергенбай әйелдерге нәзік болуға кеңес берді. Оның сөзінше, ер адам әйелін "мықтылығын сындыру үшін" ұрады. 

"Ер адам әйелін не үшін ұрады?" - отбасылық коуч жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Әйелдің мықтылығын сындыру үшін ғой. "Кешіріңіз отағасы" деп тұрса ұят қой ана әйелді ұру. Істейтінін істеп алып одан кейін барып сызылып тұрса ол бөлек әңгіме. Негізі нәзік әйелді ер адам ұрмайды. Ер адам ер адаммен қашан жаға ұстасады? Өзінше болып тұрған кезде", - деген ол.

Сондай- ақ, "Мықты әйелдің қасында мықты ер адам болмайды деген қағида бар" дейді маман. "Не оның намысы құм болады. Не құмар ойын ойнайды. Не басқа әйел тауып алады. Үйге келгісі келмейді ол адам. Өйткені ол үйде нәзік, әлсіз әйелін көргісі келеді. Қашан нәзік әйелін көреді сол кезде мықты бола түседі ер азамат. "Әйел қалай мықты болады?" десек, шешім шығарумен, дауыс көтеруімен, ақша табуымен".