Нұрсұлтанды жеңген шешен енді қазаққа қарсы шыққысы келмейді (ВИДЕО)

"Біздің тарихымыз қазақ жерімен байланысты. Олар соңғы үзім нанына дейін бізбен бөлісті деп айтуға болады", - деді Сулейманов.

Нұрсұлтанды жеңген шешен енді қазаққа қарсы шыққысы келмейді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Шешен файтері Алихан Сулейманов жақында қазақ спортшысы Нұрсұлтан Қасымхановты Мәскеудегі ACA 115 турнирінде жеңгеннен кейін, енді өзін қазақ жігіттеріне қарсы қоймауды өтінді, деп хабарлады paryz.kz, YouTube-тағы Вестник ММА арнасына сілтеме жасап.

"Ингушетия және Қазақстан спортшыларымен жекпе-жекке шыққым келмейді. Біздің тарихымыз қазақ жерімен байланысты. Олар соңғы үзім нанына дейін бізбен бөлісті деп айтуға болады. Сондықтан мен жарысқа Қазақстанның атынан да шығамын", - деді Сулейманов.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақтан қамқорлық көрген шешендер Ресей депутаттарын "екі ешек" деп атады (ВИДЕО)

Сүлейманов Грозныйдағы "Ахмат" клубының атынан жарысқа шығады. Бүкіл мансабын АСА лигасында өткізіп келеді.