Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қой дейтін қожа жоқ": Неге мереке күндері бәрі қымбаттап кетеді

Қаржы саласының маманы Сабит Рысбаев 8 наурыз мерекесіне орай болатын халық арасындағы абыр-сабырға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қой дейтін қожа жоқ": Неге мереке күндері бәрі қымбаттап кетеді
Сурет: Atomiyme.com

Атамыздан қалған мейрам болса да дәл осы күні абыр сабыр болып кететініміз не қазақтар?

Тәп-тәтті-ден торт алайын дегенмін. 12 500 теңге дейді. Еее қой айналайын. Мынау кеше ғана 6500 теңге еді ғой десем оформления мен салмақ қосылды дейді. Артық салмағын байқамадым. Оформлениясы кіп кішкентай 8-інші наурыз деген жазу.

Ошым қолда барда қоныштан бас болып жатыр бұлардыкы. Жоқ жерден бағаларын 90% көтеріп қойған. Әйтпесе басқа уақытта не істесе де 7000 нан аспау керек. Осындайларды тауып Антимонопольный комитет жазасын беру керек деп ойлаймын.

Германияда осылай жасаса жазаларын алушы еді. Ажиотаж екен, тортқа сұраныс артады деп олай жасау ұятты. Қаншама қазақтілді кондитерлік дүкен болса да осы тірлігі жарамады.

Сосын 8-інші наурыз екен деп гүл мен торт ала жүгіреміз. Бұлар да біліп алған бағаларын өсіріп жібереді.

Мысалы бізге келетін ең арзан гүлдердің бірі Кениядан келеді екен. Кениянын тек жүгіретін қыздарын емес, гүлдерін де әкеледі екенбіз.

Атамыздан қалған мейрам болса да дәл осы күні абыр сабыр болып кететініміз не қазақтар?

Осыны біліп сатушылар да білген бағасын қойып жатыр.

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа да жоқ бұларға.

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан