Қазақстанның Ослодағы елшілігінде Берген университетінің профессоры Гро Мандтқа «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
2000-2006 жылдары Гро Мандт норвегиялық мамандар тобының құрамында ЮНЕСКО және Норвегия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Алматы облысындағы Таңбалы петроглифтерін басқару, сақтау және таныстыру жобасына қатысты.
Соның нәтижесінде 2004 жылы «Таңбалы жартас» өнері кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медальді Елші Әділ Тұрсынов табыс етті. Гро Мандттың ұлы Тарье Манд Ларсен мен оның немерелері марапатты қабылдады. Шараға Норвегияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Оле Йохан Бьерной мен «Тамғалы» жобасының норвегиялық басшысы, археолог Анна-София Хиген қатысты» делінген хабарламада.