Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Айыппұл салынбайды": Министр қай кезде боқтауға рұқсат екенін айтты

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қандай жағдайда қазақстандықтарға балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Айыппұл салынбайды": Министр қай кезде боқтауға рұқсат екенін айтты
Сурет: Altyn-orda.kz

Оның айтуынша, балағат сөздердің квалификациялық белгілері бар.

«Яғни егер боғауыз сөйлеген адам шынымен қоғамдық тәртіпті бұзған болса, қоғамды сыйламаушылық байқалса әкімшілік жазаға тартылады. Бұл жерде бұзақының былапыт сөздерінен ар-намысына нұқсан келген жәбірленуші болуы керек. Аяғыңа балға құлап, боқтап жіберсе, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналмайды», — деп түсіндірді Ахметжанов үкімет кулуарында.

Министр қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқан адам лайық жазасын алатынын атап өтті. Еске салсақ, 6 наурыздан бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өсті. Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болса, енді – 20 АЕК (69 000 теңге).

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.