Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде бас жуу бірден 42 пайызға қымбаттап кетті

Қазақстанда шаш күтіміне арналған өнімдер 41,7 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде бас жуу бірден 42 пайызға қымбаттап кетті
Сурет: https://hochu.ua/

"Сусабындар бір жылда 41,7%-ға қымбаттады, сонымен бірге мұндағы өндірістің азайғаны да байқалды. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3%-ға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген. Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі 97,6 пайызды құрады. 12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған", - делінген бюро хабарламасында.