Қазгидомет алдағы демалыс күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты ауа райы болып, солтүстік-батыс циклонымен байланысты болатын белсенді фронтальды бөлімдері әсер етеді. Циклон батыстан шығысқа қарай жылжи бастағандықтан жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел, солтүстік аймақтарда бұрқасын болжанады. Республиканың оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-10 градус суық, күндіз 0-11 градус жылы болады. Оңтүстік-батыста күндіз 7-15 градус жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік-батыс, солтүстікте түнде 5-15 градус, ал күндіз 8 градусқа дейін аяз сақталады. Елдің орталық және шығысында 12 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн 15-24 градусқа дейін жылынады.