Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Орыс тілді қазақ": Нұрлан Ноғаев халықтың бірлігін не құртатынын айтты

Желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бөліну мәселесін айтқан видеосы тарады. Ол бұл туралы Жаңаөзен қаласы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеген, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Орыс тілді қазақ": Нұрлан Ноғаев халықтың бірлігін не құртатынын айтты
Сурет: Azh.kz

Әкімнің айтуынша, қазақтар іштей Түрікменстан қазағы, Ресей қазағы деп бөлінеді. 

"Біз бөлініп біттік. Кеше ғана айттым. Қазақ болып бөлініп, тақпаған таңбаларымыз, айтпаған сөздеріміз жоқ. Ресейден келген қазақ, Түрікменстаннан келген қазақ, Көкшетаудан келген қазақ, орыс тілді қазақ, пәленше қазақ, түгенше қазақ, жүз, ру деп тоз-тозымыз шығуға дайын тұрмыз. Біздің арамызға келіп, соны біреу қозғап жіберсе, жан-жаққа кетеміз", - дейді әкім.

Facebook қолданушылары әкімнің айтқаны орынды екенін жазған.

"Мен Өзбекстаннан келген қазақпын, қазақша таза сөйлеп жазамын, ешкімге өзімді сырттан келген қазақ деп қорлауға жол бермеймін", "Мына кісінің әңгімесімен толық келісемін. Жергілікті, көшіп келген, көшіп кеткен бәлен-түген деген әңгімені көп айтады, ол ештеңе емес жергілікті мен көшіп келгендер өздерінің іштерінде ру-руға бөлініп алады", - дейді Желі қолданушылары.