Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.34°C

"Тылсым құпияға ие": Кеген ауданында ерекше тас табылды

Алматы облысының «Қоғамдық даму орталығы» Instagram парақшаларына Кеген ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан XVII-XIX ғғ өмір сүрген осы күнге дейін сыры ашылмаған «Құмтекей» қалашығынан кездейсоқ табылған экспонат жайлы жариялаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тылсым құпияға ие": Кеген ауданында ерекше тас табылды
Сурет: Altyn-orda.kz

«Құшағына баласын басқан ана» бейнесіндегі-тас,тылсым құпияға ие. Тасты кездейсоқ тапқан ауыл тұрғыны Оспанов Айбек Шавхатұлы Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне табыстаған. 

Музей қызметкерлері алдағы уақытта тасқа зерттеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Мүсін тастың биіктігі-38см, ені-35см, салмағы-26,9кг құрайды.