Алматы полициясы қызметтік иттердің жұмысын көрсетті, – деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы ҚР ІІМ кинологиялық орталығына “Аяжан” медициналық колледжінің студенттері келді.
Іс-шара “Наркостоп” қоғамдық қозғалысының көмегімен өтті.
– Болашақ медицина қызметкерлеріне іздестіру иттерінің жұмысы және оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Жастар кинология қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ізкесушілерді оқытуға жеке қатысуға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және заңсыз көріністерге ымырасыз көзқарасты қалыптастыру, былайша айтқанда, салауатты иммунитетті қалыптастыру, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.