Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.46°C

"Бұл парадокс" - Депутат су тасқыны жайлы айтты

Су тасқынына әкімдіктер жауапты ма? Бұл туралы сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мәлімдеді. Журналистер қауымы депутаттан жыл сайын елді неге су басатынын сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл парадокс" - Депутат су тасқыны жайлы айтты
Сурет: Baq.kz

Қосымша бөгет пен контрреттеуіштерді барлық жерде тұрғызу керек. Бұл көп уақытты талап етеді. Біріншіден, жоба дайындап, сараптама жасау, мамандар қажет. Сондықтан бұл бағытта қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз оны бақылауға аламыз. Әртүрлі жағдай болады, - деп атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Сондай-ақ ол жағдайды парадокс деп атады. Дегенмен бұл тұрғыда әкімдіктерді жазалау туралы ұсыныстан жалтарды. 

Бұл парадокс – жазда егістікті суару үшін су жетіспейді, ал көктемде су басады... Жазалаумен алысқа бармаймыз. Әр адам өз әрекетіне жауап беруі тиіс, - дейді депутат. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысында құлаған тікұшаққа қатысты айтқан болатын. Сұхбат барысында министрдің орынбасары апатқа не себеп болуы мүмкіндігінің алдын ала болжамын жариялады.