Павлодарда автокөлік өртеніп кетті

1992 шығарылған көлікке газ құралы қосылған...

Павлодарда автокөлік өртеніп кетті
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда аулада тұрған автокөлік өртеніп кетті. Өрттің шығуына көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлады paryz.kz, pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"17 желтоқсан күні сағат 18:06-да А.Шөкин көшесі, 89 мекен-жайындағы тұрғын үйдің ауласындағы ашық алаңда Audi-80 В4 автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. 1992 шығарылған көлікке газ құралы қосылған. Қозғалтқыш бөлігінде техникалық резеңке жанған. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Көлікте өрт сөндіру құралы болған", - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 18:20-да толығымен ауыздықталды. Шығын көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.