Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ата-аналар жиналысына әкелер баруы керек - Мақсұтбек Айтмағанбет (ВИДЕО)

«Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет мектептегі ата-аналар жиналысына әкелер баруы керек деп есептейді. Сонда олар отбасылық өмірге көптеп араласып, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамайды-мыс.

Ата-аналар жиналысына әкелер баруы керек - Мақсұтбек Айтмағанбет (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

«Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат берген ол, алайда бұл үрдісті барлық білім ордасына жаппай міндеттеудің қажеті жоқ екенін, оның орнына Оқу-ағарту министрлігінің тиімді тәсіл енгізуі керектігін жеткізді.

Біз үлгілі әкелерді насихаттап, көрсетуіміз қажет. Мектептегілер директорынан бастап ата-анамен, қоғаммен жұмыс істеп үйренуі керек. Менің тиісті министрлік соны үйретсе, оқытса деген ұсынысым бар. Мысалы, арнайы бір директордың орынбасарын соған жауапты етсе, халықпен жұмыс істеуді үйретсе, әкелер өздері-ақ келеді, - деді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.