Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстандық әйелдер ақша үшін қытайларға бала туып берген

Жатырын жалға берген әйелдер сол үшін 1 миллион рубль (6 миллион теңге) алған көрінеді.

Қазақстандық әйелдер ақша үшін қытайларға бала туып берген
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Красноярск қаласында тұратын Қазақстанның 3 азаматшасы суррогат ана атанды. Олар Қытай азаматтары үшін бала көтеріп, дүниеге әкелген, деп хабарлады paryz.kz.

Жатырын жалға берген әйелдер сол үшін 1 миллион рубль (6 миллион теңге) алған көрінеді.

Красноярск өңірі Тергеу комитетінің мәліметінше, РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабы, 2-тармағы бойынша ("Адамды сату-сатып алу") қылмыстық іс қозғалған.  

"Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, 2019 жылдың тамызында 32, 27 және 34 жастағы қазақстандық әйелдер 1 миллион рубль ақшалай сыйақы үшін балалардың биологиялық әкелері болған Қытай азаматтарымен жүктілікті ауыстыру туралы келісім жасасты. Ал 2020 жылдың сәуірінде Красноярск медициналық мекемелерінің бірінде 2 ұл мен қыз босанды. Оларды күтушінің қамқорлығына қалдырып, өздері Қазақстанға кетті", - делінген Красноярск өлкесіндегі Тергеу комитеті Бас тергеу басқармасының ақпаратында.

Кәмелетке толмаған балалардың саудасы туралы қылмыстық іс қозғалып (РФ ҚК 127.1-бабының 2-бөлігі), бүгінде әйелдер іздестіріліп жатыр.

Бүгінде балалар мамандандырылған балалар үйіне орналастырылған. Олардан салыстырмалы зерттеу үшін биологиялық материал алу мақсатында әйелдер мен сәбилердің биологиялық әкелерінің орналасқан жері анықталды. Әйелдерге акушерлік көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық мекемелердің қызметкерлерінен де жауап алынады.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.