"Канадада олай емес": шетелдік профессор қазақтың басты құндылығын атады

"Солтүстік Америкада көп адам қартайған кезде жалғыз қалады", - дейді ол.

"Канадада олай емес": шетелдік профессор қазақтың басты құндылығын атады
Фото: 1tv.kz

Канадалық профессор Қазақстанның қандай артықшылығы барын айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші" телеарнасына сілтеме жасап.

Жан-Франсуа Карон - Назарбаев университетінің профессоры, саясаттану пәнінен сабақ береді.

Карон Қазақстанда тұра бастаған кезде жергілікті дәстүрлерді түсініп қана қоймай, оларды қуана-қуана қабылдай бастаған.

"Қазақ мәдениетінде маған ұнайтыны - отбасының маңыздылығы. Бастапқыда мұнда көп адам ата-анасымен бірге тұрып, оларды күтетінін естіген кезде біртүрлі болдым. Канадада, өкінішке қарай, олай емес. Ол ұят деп саналады. Солтүстік Америкада көп адам қартайған кезде жалғыз қалады. Ал сіздер ешқашан ата-аналарыңызды жалғыз қалдырмайсыздар", - дейді Назарбаев университетінің профессоры.