Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Аргентинаның ірі қаласында Абай көшесі ашылып, қазақ Туы көтерілді

Бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға пейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастарды куәландырады.

Аргентинаның ірі қаласында Абай көшесі ашылып, қазақ Туы көтерілді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Аргентинада Абай көшесі пайда болды, деп хабарлады paryz.kz, СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аргентинадағы Росарио қалалалық муниципалдық кеңесінің 10.126 қаулысымен қала көшелерінің біріне, атап айтқанда, Сан Фернандо жаңа ауданында қазақтың ұлы хакімі Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ақынның есімі берілді.

"Қалалық кеңес төрағасының орынбасары Агапито Бланка Абайдың қазақ халқы мен әлемдік мәдениет тарихындағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ ойшылының есімін қала көшелерінің біріне беру туралы шешімді кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қолдағанын айтты. Сондай-ақ, бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға пейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастарды куәландыратынын жеткізді", - делінген хабарламада.

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Росариода орналасқан Аргентина туының Ұлттық мемориалдық кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы кезекті рет көтерілді.