Дубайдағы Burj Khalifa мен Анкарадағы TOBB көк байрақты "оранды" (ФОТО, ВИДЕО)

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында Анкарадағы TOBB ғимаратындағы көрініспен бөлісті...

Дубайдағы Burj Khalifa мен Анкарадағы TOBB көк байрақты "оранды" (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында және Түркияның Анкара қаласында биік ғимараттар Қазақстан Республикасы туының түсіне боялды, деп хабарлады paryz.kz, inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында Анкарадағы TOBB ғимаратындағы көрініспен бөлісті.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, БАӘ-дегі ҚР елшілігі әлемдегі ең биік ғимарат - Burj Khalifa да мемлекеттік туымыздың түсіне боялғанын хабарлады.