Қоқиқаздарды таспаға тартып, елді шулатқан жігіт тағы бір кадр жариялады (ВИДЕО)

"Осындай сұлулықты көпшілікке көрсетуім керек деп шештім", - деді Азамат Сәрсенбаев.

Қоқиқаздарды таспаға тартып, елді шулатқан жігіт тағы бір кадр жариялады (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев мұздаған Каспий теңізін видеоға түсіріп, жергілікті табиғаттың әдемі кадрларымен бөлісті, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Режиссердің сөзінше, ол таңертең яхта клубының жанында серуендеп жүріп, Каспийдің бетін мұз жапқанын көрген.

"Жанымда квадрокоптер болды. Мен осындай сұлулықты көпшілікке көрсетуім керек деп шештім", - деді Азамат Сәрсенбаев.

Еске сала кетсек, Азамат Сәрсенбаевтың Қаракөл көлінде түсірген "Фламинго" бейнежазбасын бүкіл әлем тамашалаған еді.