Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Денсаулық сақтау министрлігі хабарламадағы қатесін түзетпеген

Ауырып жатқан балалар туралы ақпарат алынып тасталған.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарламадағы қатесін түзетпеген
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 15 желтоқсанда 749, 14 желтоқсанда 181 адам коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған, деп хабарлады paryz.kz, qazaqtimes.com-ға сілтеме жасап.

Қазір елде 25 мың адам (U07.1 немесе КВИ+ бойынша 13 358, U07.2 немесе КВИ- бойынша 11 922) ауырып жатыр. 

Коронавирус ПТР тесті арқылы табылған жаңа кейстердің ең көбі – Нұр-Сұлтан (86), Павлодар (80), Алматы (77), Қостанай (70), Ақмола мен СҚО (әрқайсы 70-тен) өңірлерінен. Өткен тәулікте 1122 адам ауруынан айғып шығып, үйіне жіберілсе, 7 адам өмірден өткен.

Алдыңғы күні, яғни желтоқсанның 14-інде коронавирус пневмониясына жататын 181 жағдай тіркелген. Оған қоса, дүйсенбі күні 158 адам емделіп шыққан.

Денсаулақ сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, емделіп жатқан 25 280 науқастың 4163-і ауруханада. Тағы 21 117 адам амбулаторлық терапияда. Министрлік ресми хабарламаны жаңартты. Онда ауырып жатқан балалар туралы ақпарат алынып тасталған. Оның үстіне, коронавирус пневмониясының мерзіміне байланысты айлап қолданылған қателік түзетілмеген.

Ахуалы нашар 251 науқастың арасында 38 адамның жағдайы қатты қиындаған. Әрі 46 сырқат өкпені жасанды желдету апаратымен тыныстап жатыр.