Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып кетті

Алматы халқы – 1 млн 967 мың адамға, Нұр-Сұлтан – 1 млн 176 мың адамға, Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 млн 66 мыңға жетті.

Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып кетті
Фото: ашық дереккөз

Шымкент халық саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға жайғасты, деп хабарлады paryz.kz, Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08 пайызға артқан.

Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр. Нұр-Сұлтан - 3,52%, Шымкент - 2,67%, Алматы - 2,61%, Маңғыстау облысы - 2,43% және Атырау облысы - 1,48%. Бұл ретте Шымкент алғаш рет халық санының өсу қарқыны бойынша Алматыны басып озды.

Алматы халқы - 1 млн 967 мың адамға, Нұр-Сұлтан - 1 млн 176 мың адамға, Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 млн 66 мыңға жетті.

Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінде көші-қон ағыны жалғасып жатыр. Халықтың көші-қон өсімі бойынша да Шымкент екінші орында.