Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Дәрігерлер жеті жастағы жынысы жоқ балаға қол ұшын бере алмай отыр

Қазір ол қатарластарынан қатты қысылатын жағдайға жеткен.

Дәрігерлер жеті жастағы жынысы жоқ балаға қол ұшын бере алмай отыр
Фото: ktk.kz

Жеті жастағы бала əлі күнге жөргек киіп жүреді. Себебі, өздігінен дəретке отыра алмайды, деп хабарлады paryz.kz, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сəби өмірге келгелі жыныс мүшесі дамымай қалған.

"Балам туарда маған өздігіңнен туа алмайсың, кесір тілік жасатпасаң болмайды деді. Сосын баламды əйтеуір өмірге әкелдім. Одан кейін дәрігерлер балаңыз адам болмайды, қоштасып алыңыз деді. Баламды қозғалтуға болмайды деп қолыма да берген жоқ. Бөлмеге кірдім де "Балам, қош бол! Менің қолымнан келер шара жоқ. Маған ренжімеші" деп жылап қоштастым. Артынан дəрігерлер келіп, ғажайып орын алып, балаңыз тірі қалды деп қуантты", - дейді баланың анасы.

Осылайша аман қалған бала биыл жетіге келді. Бірақ əлі күнге дейін өздігінен дəрет сындыра алмайды. Қуығы сыртында тұрады. Содан зəрі тамшылап тұратын көрінеді.

Емі ота ғана. Ал елдегі дəрігерлер мұндай отаны жасай алмайтындықтарын айтыпты. Шетелге барып жасату үшін анасы Жазира қаржы жағы жетіспейтіндігін айтады. Дегенмен ана жүрегі үмітін үзгісі келмейді. Қазір жеті жасар бала қатарластарынан қатты қысылатын жағдайға жеткен.