Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Нұр-Сұлтанда сатушыны тонаған азамат видеоға түсіп қалды

"Ұрлық жасады делінген азамат дүкеннің 33 жастағы тұрақты клиенті болып шыққан", - дейді полиция өкілдері.

Нұр-Сұлтанда сатушыны тонаған азамат видеоға түсіп қалды
Видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері екі ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ұрлық жасалғаны жөнінде полицияға азық-түлік дүкенінің сатушысы хабар берген, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйел адамның айтуы бойынша, сатып алушы сатушының үй-жайды жуып-жинап жатқан сәтін пайдаланып, сөредегі "Самсунг" және "Нокиа" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұрының іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрлық жасады делінген азамат дүкеннің 33 жастағы тұрақты клиенті болып шыққан", - дейді полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полицейлер ұстаған ер адам мойындау айғағын берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті құнды заттарды қараусыз қалдырмауды және күдікті адамдарға назар аударуды сұрайды.