Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақстандықтар тапқан табысының 50 пайызын тамаққа жұмсайды

Ұлыбритания мен Нидерланды адамдарының тамаққа деп табысының тек 10,6 пайызын арнайтыны белгілі болып отыр.

Қазақстандықтар тапқан табысының 50 пайызын тамаққа жұмсайды
Фото: ашық дереккөз

Ел тұрғындарының тапқан-таянғаны ішіп-жегенінен аспайды. Қазақстандықтар табысының 50 пайызға жуығын азық-түлікке жұмсайтыны зерттеу барысында анықталды, деп хабарлады paryz.kz.

Еуразия бірінші арнасының ақпаратына сүйенсек, бұл деректі Ресейдің халықаралық ақпарат агенттігі жариялаған. Зерттеуде бірқатар мемлекеттегі азаматтардың азық-түлікке шығыны көрсетілген. Қазақстандықтар азық-түлікке тапқан табысының 49,4 пайызын жұмсайды екен.

Бұл деректі өзге елдермен салыстырып көрелік. Мысалы, Украина мен Молдова мемлекеттерінің азаматтары еңбекақысының 40 пайызын тамаққа арнаса, Еуропаның ең ауқатты елдері саналатын Германия, Финляндия, Аустрия мен Норвегия тұрғындары жалақысының 12 пайызын ғана осы бағытқа жаратады екен.

Ұлыбритания мен Нидерланды адамдарының тамаққа деп табысының тек 10,6 пайызын арнайтыны белгілі болып отыр.