Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Түркістанда дизайн үшін қолданған Құран аяттары табан астында тұр

Өкінішке қарай фотодағы сахнаның төмен жағында пайдаланылған өрнектер сол жазулардың бірі, онда "Уаллаху Иуқаддиру/Алла шешеді!" деген сөз бірнеше рет қайталанған!

Түркістанда дизайн үшін қолданған Құран аяттары табан астында тұр
фото: дереккөз

Сайпулла Моллақанағатұлы есімді желі қолданушы өзінің Facebook-тегі парақшасына Түркістан қаласы әкімдігінің назарын аудартуға тырысқан дабыл қақты. Оның айтуынша, қалалықтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Құран аяттарын, хадис-шәріптер мен Алланың көркем есімдерін сахнаның төменгі жағын безендіру мақсатында аяқасты етіп қойған, деп жазды paryz.kz.

"Құрметті Түркістан қаласы әкімінің аппараты! Қожа Ахмет Ясауи университетінің басшылығы! Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ою-өрнектерді қандайда болмасын жарнамалау, насихаттау, т.б. мақсаттарда пайдаланатын кезде білікті маманның кеңесімен әрекет жасағандарыңыз жөн болады. Өйткені кесенедегі өрнектердің көбісі - қасиетті жазулар, Құран аяттары, Хадис шәріптер, Алла тағаланың көркем есімдері, зікір сөздері болып табылады. Өздеріңізге белгілі, қасиетті мәтіндерге әрқашан төбемізден орын берілген, яғни кіндіктен төмен, тіпті, кеудеден төмен ұстаудың өзі әдепсіздік болып саналады! Өкінішке қарай, фотодағы сахнаның төмен жағында пайдаланылған өрнектер сол жазулардың бірі, онда "Уаллаху Иуқаддиру/Алла шешеді!" деген сөз бірнеше рет қайталанған! Қаншама іс-шаралар өткізіліп жатыр! ХҚТУ басшылығы Алла тағаланың көркем есімін таптатып қоймай, тез арада кемшілікті түзейді деп сенеміз!" - дейді жазба авторы.

Шын мәнінде сау ақылға салып көрсек, басқасы – басқа, Ясауи кесенесінің қабырғасы тек қасиетті жазулармен өрнектелгенін Түркістанның еңбектеген баласына дейін білуі тиіс еді ғой. Ал оған жергілікті шенеуніктер қалай мән бермеген?..