Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Коронавируспен ауырған адамның ақыл-есінде кінәрат пайда болуы мүмкін

Ол есте сақтау қабілетіне, мәселелерді шешуге, оқуға және өзге де психикалық функцияларға әсер етеді.

Коронавируспен ауырған адамның ақыл-есінде кінәрат пайда болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Коронавируспен ауыратын кейбір адамда пайда болатын шатасқан сана-делирийдің салдарынан көпшілік арасында деменция эпидемиясы таралуы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, бұл неврологиялық синдром ми жасушаларының зақымдануынан болуы мүмкін. Страсбургте (Франция) жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың 65 пайызы осы симптомнан зардап шекті.

"Ғылымда бұл мидың минималды дисфункциясы деп аталады. Ми температураның өзгеруіне, тоқырауға, көлікте ұзақ уақыт жүруге әдеттегідей реакция жасай алмайды", - дейді ғалымдар.

Деменция деген – алжығандық. Адамның ақыл-ой қабілеттерінің нашарлауы. Оның күштілігі соншалықты, тіпті күнделікті тіршілік әрекетіне кедергі келтіреді. Ол есте сақтау қабілетіне, мәселелерді шешуге, оқуға және өзге де психикалық функцияларға әсер етеді.

Осыған дейін Джонс Хопкинс Медициналық мектебінің ғалымы коронавирус пандемиясы психикалық аурудың эпидемиясын тудырды деген қорытындыға келген еді. Әрі ол психикалық бұзылулары бар адамдар COVID-19 жұқтыруға бейім екенін атап өтті.