«Үш балам тастап кетті»: желіде жұрттың жүрегін елжіреткен қария сұхбат берді (ВИДЕО)

Қазір қария Қарағандыдағы қарттар үйінде. 

Кеше әлдебір таксист жігіт "Тикток" желісіне "Міне, мына кісінің шақыруымен келген едім, қария кісі екен. Балалары қарамаған соң Қарағандыдағы қартар үйіне апара жатырмын" деп түсірген видеосы кең таралып, қызу талқылануда.

Мәселенің мән-жайын білу мақсатында Life09 ақпараттық порталы қария орналасқан "Добрые руки" пансионатына барып, қариядан сұхбат алды. 

Қарияның айтуынша, оның үш баласы бар. Бірақ олар әкелерін жас кезінде тастап кеткен.