Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан әскері Түркиядағы әскери жаттығуға қатысуда

Түркияның шығысындағы Карс провинциясында «Қыс-2023» ең ірі әскери жаттығулары өтіп жатыр. Биыл әскери маневрлерге қазақстандық әскерлер де қатысып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан әскері Түркиядағы әскери жаттығуға қатысуда
Фото: adyrna.kz

Шараға әлемнің 17 елінің әскері қатысуда. Жаттығулар 10 қаңтарда басталып, Түрік Қарулы Күштерінің 14-ші мотоатқыштар бригадасы қолбасшылығының жауапты аймағындағы атыс полигонында өтіп жатыр. Жаттығуларды үйлестіру Түркия Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің 9-шы корпусының қолбасшылығына жүктелген.

Жалпы, қысқы оқу-жаттығуларға 1758 әскери қызметкер қатысып, 651 техника жұмылдырылған, 865 қару-жарақ қолданылуда. Оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, авиация, танк бригадалары, артиллериялық бөлімшелер, минометшілер мен мергендер, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшелері тартылды.

Командаларды дайындаудың негізгі міндеті – қысқы жағдайда техникалық қызмет көрсету және бақылау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Жалпы міндеттер аясында бірлескен іс-қимылдар кезінде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз ету, жауынгерлік техниканың жұмысын бақылау, сондай-ақ бөлімшелердің арнайы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша әскерлердің дайындық деңгейі тексеріледі.

Қазақстандық әскери қызметшілер мұндай оқу-жаттығуларға 2022 жылы Қазақстанның арнайы операциялық күштері құрылғаннан бері алғаш рет қатысуда. Олар халықаралық деңгейде жауынгерлік дайындықта айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетуде.

Жаттығулар 2 ақпанда аяқталады.