Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Пара алған 8 педагог қызметтен қуылды

Атырауда пара алған 8 мұғалім қызметтен қуылды. Х.Досмұхамедов атындағы университет ұстаздары соңғы 1,5 жылда студенттерден 5 мыңнан 400 мыңға дейін ақша алған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Пара алған 8 педагог қызметтен қуылды
Фото: egemen.kz

Педагогтар бұл қаржыға білім алушылар үшін емтихан тапсырып, сессиясын жауып берген. Тест сұрақтарын саудалап, өндірістік практикаға жоғары баға қойған. Қызметін асыра пайдаланғандарды оқу орнының жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы комплаенс басшысы анықтады. Сөйтіп, оқытушылармен келісімшарт біржақты бұзылды. Тәлім алушылар да оқудан шығарылды. Жауапты мамандар қазір тексерісті бірнеше есе күшейткен. Енді студенттердің пара ұсынғаны анықталса, олар елдің өзге университеттерінде де білім алу құқығынан айырылады. 

"Академиялық адалдық ортасын қалыптастыру бойынша, жұмыстарымыз әрі қарай да жалғасатын болады. Біздің университетте академиялық кодексті бұзған студенттеріміз, осындай фактормен оқудан шыққан жағдайда, басқа оқу орындарына қайта қабылдау мүмкіндігі болмайды. Соны біз студенттерге ескертеміз", дейді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Асхат Шүкіров.

Айта кетсек, оқу орнын уысында ұстайтын мұндай комплаенс министрліктің тапсырмасымен 2021 жылы құрылған. Бірақ бүгінге дейін өзге өңірлерде еш дерек тіркелмепті. Жемқорлық бойынша көш бастап тұрғананн иболса керек, Атыраудағы мамандар ерекше қарқынмен қызметке кіріскен.