Қарағандыда жүкті әйелін ұрып-соғып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады.
«Қарағандыда судья Гүлнәр Дегенова әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен Төлеген Тамабековке үкім кесті. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл және алдыңғы қылмысы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан 1 жыл 4 ай мерзімін қайта өтейтін болды», - деп жазды Дина Таңсәрі.
Бұған дейін Қарағандыда әйелін ұрып-соққан және өзге ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен азаматқа қатысты ақпарат жазғанбыз.
Әйеліне аса айуандық танытқан қарағандылық жігіт небәрі 1,5 жылға сотталды.