Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстанда 1 мыңнан астам кәсіпкер заңды өрескел бұзған

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қазақстанда 1 мыңнан астам кәсіпкер заңды өрескел бұзған
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін анықтаған.

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.

ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге айыппұл салынды.