Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Жыламасын деп димедрол салды»: Оралдық дәрігерлер 2 айлық сәбидің дертін асқындырған

Оралда сәбиі сырқаттанған әке сәбиіне нақты диагноз бен ем көрсетпеген дәрігерлердің үстінен шағымданды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жыламасын деп димедрол салды»: Оралдық дәрігерлер 2 айлық сәбидің дертін асқындырған
Фото: ашық дереккөз

“Мой город” порталының жазуынша, жергілікті дәрігерлерге сене алмаған азамат Ресейдің Самара қаласына барып қаратуға мәжбүр болған.

Өткен жылдың 14 қазанында екі айлық Әміреде суық тиюдің алғашқы белгілері пайда болып, ата-анасы N5 қалалық емхананың учаскелік дәрігерін шақырған. Ол нәрестені қарап, белсенді зат фенотерол гидробромиді бар ингаляциялық ерітіндіні тағайындаған.

Алайда келесі күні сәбидің жағдайы нашарлап, ата-анасы қайта жедел жәрдем шақырып, науқасты облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізген. Мұнда дәрігерлер ингаляциялар мен антибиотиктерді тағайындады. Бала 17 күн пульмонологтардың бақылауында болған.

Сәбидің әкесі Алмас Күлжановтың айтуынша, баланың мазасызданып, жылауын басу үшін дәрігерлер анальгинмен бірге димедрол енгізген. Кейін дәрігерлік кеңестің құрылатынын айтқанымен, орындамаған екен. 

“Балалар ауруханасы дәрігерлерінің кәсіпқойлығына сеніміміз жоғалды. Сәбидің денсаулығына қауіп төніп тұрған соң біз емдеуден бас тартық. 2022 жылдың 1 қарашасында Самара қаласындағы ақылы емханаға қосымша тексеруге бардық”, - деді Әмірдің әкесі. 

Алмастың сөзінше Самара емханасында баланы шұғыл түрде Середавин атындағы облыстық балалар ауруханасына жіберген. Онда дәрігерлер диагноз қойып, ана мен баланы жансақтау бөліміне жатқызған.

“2 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Әміре өмір мен өлім арасында болды. Біз өзімізді қоярға жер таппадық. Оған осы уақыт аралығында алты ота жасалды”,- деді Алмас Күлжанов.

Кейін белгілі болғандай, емдеу кезінде өкпеде плевра сұйықтығы жиналған. 

“Қазір дәрігерлердің салғырттығынан сәбилер өлімі көп. Осыдан кейін учаскелік дәрігерлерге қалай сенеміз. Амалдың жоқтығынан шетелге шығып қаралып жүрміз. Бұл Оралда тәжірибелі мамандардың жетіспейтінін анық көрсетеді”,- деп шағымданады Алмас Құлжанов.

Әмірдің әкесі баланы емдеуге қатысқан балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты ішкі тексеру жүргізуді талап етеді.

Балалар ауруханасының директоры Ерлан Тоқсанов Әміремен хабарласқанда оған обструктивті бронхит диагнозы қойылғанын айтты. Сөзінше оларға ауруханаға жатқызу ұсынылған, бірақ олар бас тартқан. 

“Мүмкіндігінше қолайлы жағдайлар жасалды. Олар бөлек бөлмеде болды. Анасының өтініші бойынша баланың әкесі көмекке келді, түнеді. Шығу кезінде науқастың жағдайы динамикасы жақсарған орташа ауырлықта болды. Интоксикация белгілері жойылды. Біз Ресейге сараптамаға жолдама берген жоқпыз. Бұл ата-ананың өз шешімі. Сонымен қатар, нәрестені ауруханаға жатқызудан және емдеуден бас тартуына байланысты қолхат бойынша шығарылды, - деп түсіндірді Ерлан Тоқсанов.

Алайда Әмірдің ата-анасы ел президентіне хат жолдап, дәрігерлерді жазалауды сұрайды.

“Адам өмірі мен денсаулығы ең маңызды әлеуметтік құндылықтар. Оларды қорғауда уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Сонда біздің сапалы медициналық қызметіміз қайда”,- деді Алмас Құлжанов.