Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Образ үшін хиджаб киген Сиви Махмуди сынға қалды

Танымал әнші Сиви Махмуди образ үшін хиджаб киемін деп Желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Образ үшін хиджаб киген Сиви Махмуди сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Instagram-парақшасына хиджаб киген видеосын жариялаған. Оның сөзінше, бұл - жай ғана образ.

"Орамалды мазақ қылып жатқан жоқпын, жай образ деп қабылдаңыздар", - делінген жазбада.

Алайда пікір білдіргендер хиджабты ойынға айналдыруға болмайтынын айтқан.

"Кейінгі блогерлер бар, әншілер бар, бәрі бір-бірінен қалмау керек, киеді де біраз жүріп қайта шешіп тастайды. Оның жауапкершілігі өте мол нәрсе ғой. Оны түсініп жатқан ешкім жоқ", "Бәрі ойыншық қылып бітті ғой хиджабты. Кие ме, сол күйі кисін, кимей ме ойыншыққа айналдырып кимесін", - деп жазған Желідегілер. 

Ал әнші stories-те бұл тек фотосессия мен видео үшін екенін тағы бір мәрте нақтылап, сынамауын сұраған.

"Хиджаб киейін деп жатқан жоқпын, артық сөгудің қажеті жоқ, мода қылды, ойын қылды деген сияқты", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін шоу-бизнестегі орамал тағып, образын өзгерткен арулар туралы материал жарияланған болатын.