Алматы тауларында жоғалып кеткен адамдар табылмай жатыр

Құтқарушылар хабарды ести сала бірден іздеуге шыққан. Олардың арасында кинологтар бар.

Алматы тауларында жоғалып кеткен адамдар табылмай жатыр
Фото: ашық дереккөз

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушыларға 12 желтоқсан күні Титов көлі аймағында бір адам адасып кетті деген хабар келді. Ол таңертең тауға шығып, кешке қарай оралмаған. Алматылық қараңғыда жол таба алмаған көрінеді. Әрі ауа райы да суық болды.

Құтқарушылар хабарды ести сала бірден іздеуге шыққан. Олардың арасында кинологтар бар.

"Ауа райының қолайсыздығына да қарамай, тік беткейлерде, жартастарда іздеу-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. 12-14 желтоқсан аралығында бүкіл іздеу-құтқару кезеңіне 39 құтқарушы жұмылдырылды. Оның ішінде 5 ит экипажы және 6 техника бар. Қазіргі уақытта құтқарушылар Құмбелсу өзенінің бойындағы аумақты тексеріп жатыр", - деді баспасөз қызметі.