Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Сарбаздың атынан несие алған» – 19 жастағы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты тың деректер жарияланды

Былтыр 9 тамыз күні Алматыдағы «Ұлттық ұланның» 5571 әскери бөлімнің 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты мәліметтер табылды. 

«Сарбаздың атынан несие алған» – 19 жастағы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты тың деректер жарияланды
Фото: inbusiness.kz

Сарбаз әскерде жүрген кезінде офицеріне өзінің атынан несие алғаны белгілі болды. Бұл туралы «Еуразия» арнасының «Koremiz» бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін әскерилер сарбаз Алмас Шахимов полигонда құмды дауылдың салдарынан қаза тапқан деген болатын. Бірақ медициналық тексеріс нәтижесінде, марқұм сарбаздың денесінен 3 пышақ және 23 дене жарақаты анықталған.

«Ұлттық ұланның» сарбазы 19 жастағы Алмас Шахимов Отан алдындағы борышын Алматыда  төрт-ақ ай өтейді. 4 айдан кейін үйіне суыт хабар келеді. Алмас Шахимов әскер қатарында жүрген кезінде офицері Алмастың атынан несие алады», – деді «Koremiz» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай.