Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінің тизері пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.
Елбасының өміріне арналған деректі фильмнің екінші бөлімі ертең, 15 желтоқсанда кешке "Хабар" телеарнасында көрсетіледі.
Сұхбат барысында Назарбаев: "Бір топ адам әкімдікті басып алмақшы болды. Сұрақ мынадай болды: 50 де 50... " - дейді.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де деректі фильмнен үзінді жариялады.