Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Кино емес, бір бәле»: Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың фильмін сынап тастады

Театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында жарыққа шыққан фильміне қатысты өз ойын айтты, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

«Кино емес, бір бәле»: Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың фильмін сынап тастады
Фото: ашық дереккөз

Ол «Ажырасам» деген атауы бар кинокартина өзіне еш ұнамағанын жеткізді.

Ал нашар шығатын фильмдерді мен «нашар» деп айтамын. Көңіліне келмесін, Қайрат Нұртастың келіншегі «Ажырасам» деген фильм түсірді. Мені шақырды, «Ақшаларын өнерге жұмсап жатыр» деп қуанып бардым. Жұлдыз - жақсы актриса. Фильмді жартысына дейін ғана көре алдым. Жартысынан кейін быт-шыт болып кетті. Сюжеттің линиясы үзіліп, жанр адасып кетті. Шым-шытырық болып, екінші бөлімін көре алмадым. Мәдениеттіліктен шыдап отырдым. Соңында бәрі құттықтайды ғой. Мен құттықтамай кетіп қалдым. Менің сондай мінезім бар. Ұнамаса, туған шәкіртімнен де үндемей кетіп қаламын. Режиссер - жас, кеудесі аяққаптай. «Кино түсірдік» деп, ортада қоқиланып тұр. Өнер қайда? Ол өнер емес, кино емес, бір бәле. Мен қарсы шығамын, «Құрт, жой» демеймін, «бұларың не, қарақтарым-ау» деген өкпемді айтамын, - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.