Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Елімізде 24 мектеп санитариялық талаптарды сақтамай келген

Санитариялық дәрігерлердің талаптарын сақтамау фактілерінің ең көбі: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында анықталды.

Елімізде 24 мектеп санитариялық талаптарды сақтамай келген
фото: 24.kz

Елімізде санитариялық ережелер мен карантин режимі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтардың қызметкерлері 2020 жылғы 4-10 желтоқсан аралығында мектептерге 236 тексеру жүргізді деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеген.  

"Республиканың 24 мектебінде заңбұзушылықтар анықталды. Маска режимін, дымқыл тазалау және дезинфекциялау кестесін бұзу, парталар арасындағы арақашықтыққа қойылатын талаптарды сақтамау фактілері тіркелген. Сонымен қатар, тазалау және дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың жеткіліксіз мөлшері; пайдаланылған маскаларды жинауға арналған контейнерлердің болмауы сияқты заңбұзушылықтармен бірге, кей мектеп асханаларының жұмыс істегені анықталды", - делінген хабарламада.

Санитариялық дәрігерлердің талаптарын сақтамау фактілерінің ең көбі: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында анықталды.

Заңбұзушылықтар анықталған мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелер білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен өткізілген кеңестерде қаралды. Бүгінгі күні олқылықтардың бәрі жойылды.