Каспийде жабайы үйректерді қайықпен басып өткен

Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілген. 

Каспийде жабайы үйректерді қайықпен басып өткен
Видеодан скриншот

Каспийде су бетінде жүрген үйректерді моторлы қайықпен аяусыз басып өткен жастар ұсталды. Қазіргі уақытта полиция мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода Каспий теңізінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан моторлы қайық су бетінде қалың үйірімен жүрген жабайы үйректердің үстінен қасақана басып-жаншып өте шығады. Видеода қайық соңында ондаған құстың өлігі шашылып қалған судың қып-қызыл қанға боялғаны анық көрінеді.   

"Маңғыстау облысының полициясы екі ер адамның жеке басын анықтады. Олар қазір Түпқараған ауданының полиция бөлімінде жатыр, онда не болғанын және қалай болғанын айтады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілген. ҚР ҚК-нің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездікпен қарау") бойынша жастарға қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

https://www.facebook.com/705900316/videos/10164411307415317/