Алматы әкімдігінің алдында "Ұмытылмас 1986, 2011" деген жазу пайда болды

"Біз - бостандық ұрпағымыз. Біз 1986, 2011 жылдары болған репрессия мен халыққа қарсы қылмысты еш ұмытпаймыз әрі билікті кешірмейміз...".

Алматы әкімдігінің алдында "Ұмытылмас 1986, 2011" деген жазу пайда болды
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңертең Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы жерде "Ұмытылмас 1986 2011" деген жазу пайда болды. Оған таяу тұста #qazaqkoktemi деп жазылған. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде Rukh2k19 тобы хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Біз - бостандық ұрпағымыз. Біз 1986, 2011 жылдары болған репрессия мен халыққа қарсы қылмысты еш ұмытпаймыз әрі билікті кешірмейміз. 2020 жылғы 16 желтоқсанда сағат 12:00-де республикамыздың алаңдарында біз, қазақстандықтар, өзгерістер үшін бірігеміз!" деп жазылған Rukh2k19 мәлімдемесінде.