Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мемлекет басшысы Қостанайда жаңа автокөлік өндірісін іске қосу кезінде Kia Sportage капотына қолтаңба қалдырды

Мемлекет басшысы жаңа өндіріске сәттілік тілеп, көлікке қолтаңба қалдырды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қостанайда жаңа автокөлік өндірісін іске қосу кезінде Kia Sportage капотына қолтаңба қалдырды
Сурет: akorda.kz

Kia өндірісінің осы технологиялары Орталық Азия мен ТМД бойынша Қазақстанда ғана орналасқан.

Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur автомобиль зауытына барды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Президент зауытты аралау барысында жас жұмысшылармен әңгімелесіп, оларға қолдау білдірді.

– Шын мәнінде, зауыт өте керемет екен. Таза әрі өндіріс мәдениеті өте жоғары. Біз жаңа ғана Кіа Sportage көлігін көрдік. Бұл көліктің сапасы өте жоғары. Сондықтан сұраныс жоғары болады деп ойлаймыз. Біз келешекте инвесторлар шақырып бұл зауытты ұлғайтамыз. Зауыттың болашағына байланысты ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Жастарға үлкен мән беріп отырмыз. Сондықтан бәрі дұрыс болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.