Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Талдықорғанда 11 жастағы өз қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Талдықорғанда қызын азғындаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Талдықорғанда 11 жастағы өз қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
фото: grunge.com

6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қызын жыныстық азғындады деп күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Тергеу 2022 жылғы тамыздан бастап ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша жүргізілді.

Әйел күйеуін 11 жасар қызына жыныстық зорлық жасады деп айыптады.

Ер адам ұсталып, жауап алынды. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйе мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды – деді Талдықорған қаласы УП бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.