Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қаза тапты

17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия Республикасының азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында жүріп келе жатып, басып озу кезінде 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қаза тапты
фото: ҚР ІІМ

Соқтығысудан Mercedes Benz автокөлігі жолдың жүріс бөлігінен ілеспе бағытта мұзды тазарту бойынша жол жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдермен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.