Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ақтөбе қаласы №2 сотында ұйымдасқан топпен қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету айыбы бойынша 6 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
фото: www.uralskweek.kz

Сотта анықталғандай, А. есімді азамат 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топты құрып, яғни «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасын құрған және басқарған. Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартудан түскен қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін, осы активтерді қайта бөлу және бұрын жүгінген салымшыларды жаңа салымшылардың ақшалай жарналары есебінен байыту жолымен табыс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырып, 2019 жылғы 30 қарашадан 2020 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралықта 764 адамға аса ірі мөлшерде зиян келтірді.

Қылмыстық құқықбұзушылықтар 3 облыс аймағында болған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, кеңселерді тінту хаттамаларымен, ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттамаларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, жеке тұлғаны тануға ұсыну хаттамаларымен, аудиторлық тексеру және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Осылайша, сот ұйым басшысын коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды шешті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Ал қалған 5 мүшесі коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.