Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты

Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты
фото: stan.kz

2023 жылдың 18 қаңтар күні Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.

Әскери қызметші 2022 жыдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған болатын. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады - деп қосты министрлік.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өткен.