Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтандағы өртте 5 қызынан айырылған Ситер отбасы ұлды болды (ВИДЕО)

Еске салайық, елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға былтыр 4 ақпанда болған еді...

Нұр-Сұлтандағы өртте 5 қызынан айырылған Ситер отбасы ұлды болды (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтандағы жан түршігерлік өртте бес қызынан бір сәтте айырылған Евгений мен Жанымгүл Ситер ұлды болды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Тәңірберген Бердоңғар жазды.

"Жанымгүл жүкті болған кезде көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!" - деп жазған бұрынғы депутат.

Еске салайық, елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға былтыр 4 ақпанда болған еді. Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, жекеменшік үйдің аумағындағы уақытша тұрғын үйді жалын шарпыған. Соның салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан-ды.