Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қызымды қалай өлтіргені беймәлім": Шымкентте жұмбақ жағдайда қайтыс болған келіншектің анасы істің жай-жапсарын білгісі келеді

Назипа Қыстаубаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған Раушан Перманованың анасы. Екінші күйеуі қызғаныштан пышақтап өлтірген келіншектің артында екі бойжеткен қызы қалды. Алайда қазірдің өзінде істің мән-жайы белгісіз болып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі “Ел” бағдарламасына сілтеме жасап.

"Қызымды қалай өлтіргені беймәлім": Шымкентте жұмбақ жағдайда қайтыс болған келіншектің анасы істің жай-жапсарын білгісі келеді
фото: “Ел”

Назипаның айтуынша, қызы Раушанның бірінші күйеуі жүрек талмасынан қайтыс болған соң, кездейсоқ танысқан Ермек есімді ер адам оған сөз салып, келісімін алғанша қыр-соңынан қалмаған. Раушанды айтқандарына сендіріп, Алла алдындағы некесін қидырған соң барлығы түбегейлі өзгерген.

Қызым жақындарымен араласуды қойды, жұмысынан шығарып алды. Раушан аз уақыттың ішінде жүдеп, он келіге дейін салмақ тастады. Күйеубаламмен бірге үйге шақырған едім, сөйтсем, ол қызымды қорқытып, “Ешкіммен сөйлеспейсің, 40 минут отырып, қайтамыз” деген уәдесін алып келген. Сол келгенде Раушан қонаққа келген абысындарым мен құдаларыма бір сөзінде “Мен қатты қателесіппін. Мені құтқарыңдар, мені ешкіммен араластырмайды, мынау қызғаншақ” деп айтқан. Ертеңгі күні баламды, қайын сіңілім мен қайнымды алып қызыма бардым. Раушанға “киіміңді жина, кетеміз” дедім. Күйеу балам жібермеуге тырысты, дегенмен, қызымды алып кеттім – дейді Раушанның анасы есіне алып.

Содан кейін Назипа Ермекті көрмеген. Оның 40 күнге жұмыстарымен Қостанайға кеткені белгілі болды. Кейін Раушанға енесі хабарласып, қайтып келуін өтінген. Раушан оның өтінішін елеусіз қалдырғанымен, күйеуі Ермек келіншектің жұмыстарымен сыртқа шыққанын пайдаланып, өзімен алып кеткен. Назипаның айтуынша, Раушан соңғы рет қызымен және келінімен телефон арқылы сөйлескен.

Назипаға Ермек екі рет некеде болғанын, бірінші әйелімен өзі бедеу болғандықтан ажырасқанын, екінші келіншекпен жасөспірім баласының қарсылығынан бірге тұра алмағын айтқан. Алайда қарт ананың оның бұл сөздерінің растығына күмәні бар.

Қызымды көлікте пышақтап өлтірген. Кейін қылмысы туралы шешесіне хабарласып айтқан. Бірақ полицияға хабараламаған. Өлікті қансыраған күйі көлікте ұстап, қайдан кездескені белгісіз інісін ертіп алған. Маған қызымды қалай әкеткені, өлтіргені беймәлім, мақсатым осы қылмыстың жай-жапсарын білу. Ана бала қалай, қайдан кездесті? Менің қызымды қай уақытта өлтірді? Қаратау ауданында болған қылмыс неге Әл-Фараби ауданында қаралып жатыр? Осыны білгім келеді – дейді Назипа.

Жұмбаққа толы бұл қылмыстың ашылмаған құпиялары көп. Бағдарлама соңында заңгер Шолпан Ризабекова Назипа Қыстаубаеваға заң тұрғысынан жәрдем беруге уәде етті.